Батыс Қазақстан облысының Подстёпный ауылында тұратын Кенжебековтар отбасы зор қуанышқа кенелді. Екі егізден дүниеге келген төрт ұлды тәрбиелеп отырған Әділбек пен Орынбасар – туғаннан мүмкіндігі шектеулі жандар. Тұрмыс тауқыметін көп тартқан олар мерекеде қайырымды азаматтардың көмегімен баспаналы болды. Кенжебековтар отбасы ұзақ жылдар бойы пәтер жалдап күн кешті. Туғаннан есту және көру қабілеті бұзылған ата-ана үшін төрт перзентті тәрбиелеп өсіру оңайға соқпағаны рас. Дегенмен ізгілік пен мейірімге қашан да орын бар. Жергілікті құрылыс компаниясының басшылығы біраз жыл азық-түлік пен балалардың киім-кешегін алып беруге жәрдемдесті. Мереке қарсаңында барлық талапқа сай келетін төрт бөлмелі пәтерді тарту етті. Дінмұхаммед Сәтбаев, Құрылыс компаниясы бас директорының міндетін атқарушы: – Компаниямыздың құрылтайшысы Нұрғазы Сәтбайұлы атынан Кенжебековтар әулетіне осы баспананы сыйлап отырмыз. Кенжебековтар әулетін көп жылдан бері білеміз, мүмкіндіктері шектеулі. Жалпы бұл шарамыз тек қана біздің облыста ғана емес, басқа республика деңгейдегі кәсіпкерлерге үндеу болсын деген ниетпен.
«Жақсылық етсең бүтін қыл», – демекші, кәсіпкер баспананы барлық керек-жарағымен түгел қамтамасыз еткен. Жайлы да жарық бөлмелер балалардың алаңсыз өмір сүруіне керемет ығайлы жасақталыпты. Су мен газы кіріп тұр. Айгүл Қосқарина, әлеуметтік педагог: – Айына бір ақ рет моншаға баратын жағдай болды. Себебі үкіметтен алатын тек қана баланың ақшасы мен пенсия ол тек квартираға кетеді. Свет пен газын төлегнеде қолдарында аз ғана ақша қалып, бірінде екі баласы мен папасы барса, келесі жұмада екі кішнкетаймен анасы бар жағдайларды айттық. Енді бұл қиындықтардың бәрі де өткен шақ. Отбасында Жүрсін, Ерсін және Аман мен Рауан есімді төрт ұл өсіп келеді. Үлкен екі ұл 9-шы сыныпта оқиды. Кішкентайлары даярлық тобына барып жүр. Бастысы, балалардың денсауылғы жақсы. Облыстық, республикалық түрлі байқауларға белсене қатысып, жүлделі орындарды еншілеген кездері аз емес.
Ерсін Кенжебеков, Әділбек Кенжебековтың ұлы: – Бұрында бізге қиын болды, әртүрлі квартираларды ауыстырып, 5-6 квартираға ауыстырдық. Енді рахмет, бізге алаңдап, үй сатып алып, ремонтын өткізіп, сіздерге рахмет! Мемлекет басшысы өзінің «Рухани жаңғыру» атты мақаласында «туған жеріне, қала берді қамқорлыққа зәру жерлестеріне қамқорлық жасағысы келген жандарды қолдау – баршаның міндеті»,- деген болатын. Кенжебековтар отбасының қуанышы да соның жарқын айғағы іспетті.
Авторлары: Талғат Серікқалиұлы, Болат Жарылғасов, Қанат Махмұтов