Өңір басшысы Алтай Көлгінов Зеленов және Тасқала аудандарына іс-сапармен барып, тас жолдарды жөндеу жұмыстарымен танысты. Республикалық маңызға ие «Орал-Тасқала-РФ шекарасы» күре жолын қайта жаңғырту ағымдағы жылдың қарашасында толықтай аяқталады деп көзделген. Сапар барысында облыс әкімі мердігер компания өкілдеріне бірқатар тапсырма жүктеді.