Бүгінде әлем жұртшылығын ауыр жағдайымен алаңдатып отырған коронавирус біздің елімізге де жетті. Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев дер кезінде төтенше жағдай жариялап, дертке қарсы күресті күшейту жөнінде бірнеше тапсырмалар берді. Бұл бойынша мемлекет тарапынан тиісті жұмыстар атқарылуда. Осы орайда, қарапйым халық та ушығып тұрған дертке дер кезінде тосқауыл болу үшін қатаң тәртіпке бағынуы қажет. Бұл өте маңызды. Дәл осындай қысылтаяң шақта еліміздің жанашыр азаматтары жомарттық танытып, халыққа көмектерін тигізуде.