БҚО-да жол құрылысы жіті бақылауда

« Назад
25.10.2017


Батыс Қазақстан облысында Орал – Тасқала – Ресей бағытындағы тас жолдың 70%-ы жөнделіп бітті.

Мердігер мекеме биылға жоспарланған аумақта жөндеу жұмыстарын сәтті аяқтап, ел игілігіне берді. Жалпы ұзындығы 100 шақырымдай болатын күре жол «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында салынып жатыр. Айта кететін жайт, жол жөндеу жұмыстары кезінде тың технология жетістіктері кеңінен қолданылды.

Жаңғыртудан кейін жол жабынының биіктігі 64 сантиметрге, трассаның ені 9 метрге дейін ұлғайған. Тас жолдың қалған бөлігіндегі жөндеу жұмыстары алдағы жылы аяқталады. Дінмұхаммед Сәтбаев, мердігер компания басшысының орынбасары: - 27 шақырым бойына жаңғырту жұмыстары жүргізілді. Жалпы құны 5,900 млрд теңге бөлінген болатын. 2015 жылы басталып, 2017 жылы толығымен аяқталды. Бүкіл бөлінген қаржы игеріліп, жол тапсылырып отыр. Жалпы бұл жолда облысымызда бірінші рет ұсақ-мастикалық бетон қолданылды, өзінің ерекшеліктері бар.   Мирас Тұяқбаев, «Нұр Отан» партиясы БҚО филиалының өкілі:   - Жұмысты жоспарлы жүргізуге қиындықтар туғызды. Дегенмен ұйымдастырудың арқасында мердігердің де, тапсырыс берушінің де құрылыс жұмыстары аяқталып отыр.

Біздің комиссияның мақсаты «Нұрлы жолдың» аясында бөлінген қаржының тиімді жұмсалуын, құрылыс жұмыстарының сапалы орындалуын және осылай халықтың игілігіне берілуін бақылау болып табылады.